Саябақтар
Жеңіс саябағы
2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдығына орай парктің ішінде үлкен жаңғыртулар жұмыстары жүргізілді. Қалалық саябақ қала тұрғындарына кез келген уақытта қуаныш сыйлайды. Паркте тығыз орналасқан үйіңкі, қарағай мен қайың талдары бар және жаздың ыстық күнінде отырып демалуға өте жағымды. Кешке саябақта көлеңкелі аллеямен жүріп серуендеуге болады. Жұлдызды аспан тыныштық пен қуаныш сыйлайды.
Орталық кітапхана
Парасат паркі сәулет және дизайнның соңғы нақышымен салынған. Демалыс аймағында жарық бағаналары, аркалар, тренажерлар, фонтандар, веложолдар,футбол және баскетбол алаңдары бар. Сондай-ақ ұялы телефондарды зарядтауға арналған Smart күркелер орналасқан. Сонымен қатар,концерттік алаңда демалушылар үшін барлық жағдай жасалған.Сонымен қатар саябақты сумен қамтамасыз ететін жүйелер толығымен автоматтандырылған.
Мекен-жайы:Түркі бағы
2017 жылы Түрксой ұйымының шешімімен Түркістан –түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Осыған байланысты атаулы жылдың белгісі болсын деген ұйғарымымен қала орталығында Түркі Бағы аллеясы салынды.
Мекен-жайы: Бекзат Саттарханов көшесі