Тарихи орындар
Темір жол вокзалы
Түркістан қаласының Темір жол вокзалы Орынбор-Ташкент темір жолының оңтүстік филиалын қалау кезінде тұрғызылған таяу станциясының ғимарттар кешенінің бір бөлігі ретінде салынған. Қаланың батыс бөлігінде орналасқан 3 негізі бөлмеден тұрады: кіреберістің екі жағында орналасқан 3 негізгі бөлмеден тұрады. Көптеген күрделі торлы арка түрінде иілген терезе рамалары, шатыры жоғарыға көтеріліп күрделі пролфильмен жабылған, көптеген сәндік әрлеу материалдары ғимараттың қасбетін және интерьерін сәндеп тұр. Есік тұтқалары экзотикалық пілдердің басының формасы түрінде жасалған. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 1980 жылдары жүргізілген. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп, ішкі атмосферасы замануи стильге ауысты.

Орталық кітапхана
Райымбек Сейтметов атындағы театр
Түркістан облысы мәденет басқармасының «Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Түркістан драма театры Президент Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен, облыс Әкімі Б.Сапарбаевтың №83-ші шешімімен 2000 жылдың 9-наурызында ашылды.
Түрікстан қаласының сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі болып, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Халық әртісі, Тарлан сыйлығының бас жүлдегері, профессор Р.Н.Сейтметов тағайындалды. Ғимараттың салынған уақыты 1938 жылы Теміржолшылар клубы болып салынып, 2000 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп театрға бейімдеп берілген.
Театрдың негізін қалаушы: Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов- Мемлекеттік және Жастар сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан мен Қырғызстанның өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның Халық артисі, профессор, Құрмет Орденінің иегері, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының бас жүлдегері, Еуропаның «Театр өнері» номинациясы бойынша белгіленген алтын медалінің, “Түркі әлеміне еткен еңбегі үшін, өнер әдебиет сыйлығы” иегері, ЖҒА академигі, Түркістан қаласының сазды-драма театрының негізін қалаушы, әрі тұңғыш көркемдік жетекшісі.