Түркістанда уақытты қалай өткізуге болады

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен Ботаникалық баққа дейін: Түркістанның басты рәміздері.

Түркістан - ғажайыптар қаласы екенің, өз көздеріңізбен көрген ғана сене аласыз. Бұл қазіргі заманғы сәулеттің шедеврлері тарихи кварталдармен үйлесетін қала. Біз Түркестанға келетін әрбір адамдарға қандай басты көрікті жерлерге бару керек екендігін айтып береміз.


Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Түркістан Символы



Қожа Ахмет Яссауи кесенесі-Қазақстанның Түркістан облысында Түркістан қаласында орналасқан, ақын және уағызшы Қожа Ахмет Яссауи бейітіндегі кесене. "Әзірет Сұлтан"тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағындағы орталық объект болып табылады.
Маңызды ақпарат
Мекен-Жайы: Түркістан
Биіктігі: 39 м
Жұмыс уақыты:
09: 00 - 18: 00

Шығыс моншасы

Тарихи-мәдени орталық



Шығыс моншасы, ежелгі түрік моншасы сияқты су мен ыстық ауаның бір мезгілде әсерімен денені жууға арналған. "Хазірет-сұлтан". Жартылай жер асты - көп күмбезді құрылыс күйдірілген шаршы кірпіштен қаланған. Қасбеттер сәндік әшекейлерсіз, қабырғалары кірпіш құрылымымен. Ғимараттың мәнерлілігін айван ашқан күмбездер тобы береді.
Маңызды ақпарат
Мекен-жайы: Түркістан
Биіктігі: 39 м
Жұмыс уақыты:
09:00 - 18:00

"Ұлы дала елі" орталығы

Тарихи-мәдени орталық



Маңызды ақпарат
Мекен-жайы: Түркістан
Биіктігі: 39 м
Жұмыс уақыты:
09:00 - 18:00

Туристерге қызмет көрсету орталығы

Тарихи-мәдени орталық



Туристерге қызмет көрсету орталығы - туристер үшін елдегі алғашқы сапар орталығы. Визит-орталық қазақстандықтардың, сондай-ақ қала қонақтарының арасында Отырардың бай мұрасын ілгерілетуге ықпал етеді. Мәдени-тарихи мұраның сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді.
Маңызды ақпарат
Мекен-жайы: Түркістан
Биіктігі: 39 м
Жұмыс уақыты:
09:00 - 18:00

Ойын-сауық саябағы

Тарихи-мәдени орталық



Бүгінде үш облыстың - Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының күшімен Ойын-сауық саябағы салынуда. Сонымен қатар, мавзолейдің жанында (Х. А. Яссауи) Тұңғыш Президент саябағы салынуда, ал Саттарханов көшесінің бойында екі жағынан 5 км бойы желілік саябақ салынады
Маңызды ақпарат
Мекен-жайы: Түркістан
Биіктігі: 39 м
Жұмыс уақыты:
09:00 - 18:00

Aqjaiyq музыка мектебі

Тарихи-мәдени орталық



Aqjaiyq балалар музыка мектебі 9.12.2019 жылы кұрылыс біткен. 4.09.2020 облыс әкімі Шукеев Өмірзақ Естайұлы келіп ашты. Екі қабатты ғимарат. Бірінші этажда 550 орындық концерт залы бар. Гардероб және асхана бар. Зал және барлық кабинеттер дыбысты оқшаулау материалдармен жабдықталған. Оркестр сыныбы, вокал-хор сыныбы және конференс-зал орналасқан. Екінші этажда 7 оқу класс бар.   Фортепиано, скрипка, домбыра, аккардеон, қобыз, арыфа, жетіген класстары.  Дыбыс жазу студиясы, директор кабинеті, бухгалтерия, муғалімдер бөлмесі, медпункт орналасқан.
Маңызды ақпарат
Мекен-жайы: Отырар мөлтек ауданы,  160квартал, 240 құрылыс
Әкімшілігі: Молдабаев Нуриддин Мухиддинович
Байланыс нөмері: 87076026876
Қабылдау бөлімі: 87022313476
Почта: [email protected]
Инста парақша: aqjaiyq2020

Aqualand су кешені

Тарихи-мәдени орталық



Aqualand су кешені. Мұнда ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға арналған үш жүзу бассейні бар. Бассейн тереңдігі 3 метр. Бұл Түркістандағы алғашқы кәсіби жүзу спорт кешені. Жабық бассейн бір уақытта 300 адамды қабылдай алады. Қонақтар үшін сапалы демалыстар мен спортқа арналған барлық жағдайлар жасалған.
Маңызды ақпарат
Мекен-жайы: Кентау трассасы көшесі, 2
Байланыс нөмері: 8771 885 3299

Жастар Ресурстық орталығы

Тарихи-мәдени орталық



Жастар ресурстық орталығы – көпфункционалды заманауи орталық. Онда коворкинг алаңы, ІТ-park, «Жас сарбаз», электронды кітапхана, тілдер мектебі, интернет желісі, мәжіліс залы, спорт алаңшалары және тағы басқа игіліктер бар. Жастар орталығы – бір мезетте 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады. Орталықта көптеген жастар клубтары, мектептер мен үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ, ғимарат ішінде «relax zone» демалыс аймағы, сыртқы бөлігінде футбол, волейбол, баскетбол, теннис ойнауға арналған спорттық алаңшалар орналасқан.
Маңызды ақпарат
Мекен-жайы: Б. Саттарханов 122 А
Байланыс нөмері: 872533 5-98-89

MegaCity ойын-сауық кешені

Тарихи-мәдени орталық



Батыс Еуропа-Батыс қытай айналмалы жолының бойында орналасқан сауда орталығының алаңы 15000 шаршы метрді құрайды. Құрылысы 2014 жылы басталған кешеннің жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Ойын-сауық кешенінде шамамен 200-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыс жасайды. Күн сайын 800 адамға қызмет көрсетіледі. Ойын-сауық кешені барлық заманауи талаптарға және технологияларға сәйкес салынған. Кешен аумағында қоғамдық тамақтану объектілерімен, MegaCinema кинотеатры және балаларға арналған ойын алаңдары бар.
Маңызды ақпарат
Мекен-жайы: Күйші Дина 1/2
Әкімшілігі: Аширметов Данияр Раушанбекұлы
Байланыс нөмері: 8775 650 15 96

Су спорт кешені

Тарихи-мәдени орталық



Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 2014 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді. Алғашқыда Оңтүстік Қазақстан облысының Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балансына «Түркістан су спорт кешені» атауымен берілді. Түркістан обылыстық «Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан, Түркістан обылысы әкімдігінің №267 «27» 11. 2019 жылғы қаулысымен Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су-спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді.
Маңызды ақпарат
Мекен жайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы С. Қожанов көшесі 54 «а»
Администрация нөмері: жұмыс телефоны: 8725-33- 4-03-20
Аты-жөні: Адырбекова Рабиға
Байланыс сымтетігі: 8-705-897-85-39
Жұмыс уақыты: 10:00 ден 18:00 ге дейін
Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Шипа су санаторийі

Тарихи-мәдени орталық



"Шипа Су" санаторийі әдемі,көне тарихы бай Түркістан қаласында(бұрынғы ОҚО) орналасқан. Шипа-су санаторийі өзінің емдік суымен танымал, оның қасиеттері Трускавец (Украина), Витаутас (Литва) және Удмуртиядағы Ново-Ижевск минералды бұлағының суларымен бірдей. Минералды судың құрамында: натрий, магний, кальций, хлор, сульфат, гидрокарбонат, нитрат бар.Минералды су көзі 1300 метр тереңдікте орналасқан.1967 жылы дерек көзі табылды, 1969 жылы шипажай салынды, 1970 жылы санаторийдің жұмысы басталды.Минералды су ішкі және сыртқы тұтыну үшін емдік мақсатта қолданылады. Қазіргі уақытта 80 орынға есептелген 2 екі қабатты тұрғын үй корпусы және минералды сумен емдеуге арналған 1 корпус жұмыс істейді. 2019 жылы 150 орынға есептелген 4 қабатты тұрғын үй ғимаратының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Маңызды ақпарат
Мекен-жайы: Түркістан қаласы 157 квартал, здания 037
Қабылдау бөлімі: +7 702 335 8888 (WhatsApp)
Администратор: +7 775 322 7072
e-mail: [email protected]