
АЮПОВ РАШИД АБАТҰЛЫ
Рашид Аюпов 1981 жылы 4 наурызда Кентау қаласында дүниеге келген.
Академиялық инновациялық университетті "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген, "информатика және Мемлекеттік басқару" бағыты бойынша бакалавр дәрежесі бар
"Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.2015 жылы Лондонның «Queen Mary» университетінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. 2006 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің "Ақпарат және Тестілеу Орталығы" ММ-де басшылық қызметін атқарды.
2009-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2015 жылы Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2017 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінде "Нұр Отан" партиясының өкілі және "Нұр Отан"партиясы Орталық аппаратының ақпараттық технологиялар орталығының басшысы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Түркістан әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін "Shymkent "ӘКК"АҚ Басқарма төрағасы болды. 2019 жылдың 3-шілдесінен бастап Түркістан қаласының әкімі қызметіне кірісті.
Қазақстан Республикасы,
Түркістан қаласы, Қожанов көшесі 24
e-mail: [email protected]