ҮШЕМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТҰРАҚТАНЫП, ҮЙГЕ ШЫҚТЫ
Наурыз 15, 2022

ШЕШІМ ЗАҢ МЕН ҚҰҚЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Өзекті мәселелерді заң аясында шешу жолдарын қарастыру мақсатында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен ведомствоаралық жиналыс өтті. Жиналысқа қалалық соттың төрайымы Айгүл Жаңбырбаева, қала прокуроры Жаннұр Ахметбек, Түркістан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотынан Марат Шарипов арнайы қатысты.

Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру барысында көптеген мәселелер қала құрылысының Бас жоспарын жасақтау мен дайындауға байланысты туындағаны белгілі. 2019 жылдың қараша айында бекітілген Бас жоспардан соң қаланың егжей-тегжейлі жоспары, Бас жоспар бойынша жаңа құрылыс салу, қызыл сызық, қаланы айналатын жасыл белдеуге түсетін нысандар бойынша біраз мәселе күн тәртібінде өзекті болып отырды.

Қала әкімдігі мен прокуратурасы бірлесе отырып, қызыл сызық мәселесін жіті талдады, жаңа Бас жоспар енгізілгенге дейінгі салынған қала ішіндегі құрылыс нысандарын, тұрғын және коммерциялық нысандардың құжаттарын рәсімдеу жолға қойылды. Соның нәтижесінде 2016 жылдан бері шешімін таппай отырған 1700-ге жуық жер телімінің қаулылары заңға сәйкес зерделеніп, табысталды. Қаланың егжей-тегжейлі жоспарын қосымша жасау қолға алынды.

«Бекзат» мөлтек ауданында туындаған үй іргелік жер мәселесі бойынша құжаттарды сот органдары арқылы заңдастыру ұсынылды. Мұндағы 723 жер учаскесінің 200-і тұрғын үй құрылысын салғандар. Ведомствоаралық комиссия ұсыныстары негізінде 16 меншіктің құқығы танылды, оның 8-і жер комиссиясының оң қорытындысын алды. Иассы ауыл округінің шешімдерімен Жер комиссиясына ұсынылған құжаттар саны – 108, оның 54 құжаты комиссиямен келісілді, 18 қаулы қабылданды. Жұмыс әлі де жалғасуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған