ЖАЛҒЫЗІЛІКТІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ӘЖЕ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Наурыз 15, 2022
ШЕШІМ ЗАҢ МЕН ҚҰҚЫҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
Наурыз 15, 2022

ҮШЕМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТҰРАҚТАНЫП, ҮЙГЕ ШЫҚТЫ

Түркістан облысының №3 перинаталдық орталығында түркістандық 33 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді. Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жедел ота сәтті жасалған болатын. Набат Садыкбекова №3 облыстық перинаталдық орталығында үш ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1850 гр, 1490 гр, 1550 гр болған. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты. Бүгін батыр анаға Түркістан қаласы әкімінің арнайы сый-сияпаты мен құттықтауы жеткізілді. Айта кетейік жыл басталғалы қалада 1241 сәби дүниеге келген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған